2022 жылдың 21 желтоқсанында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (әрі қарай - Департамент) 2022 жылғы 26 қаңтардағы №17 н/қ бұйрығымен бекітілген, құқықтық оқыту өткізу жоспарына сәйкес «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тақырыбында Департаменттің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық басқарма мамандарына арналған (Zoom платформасында) құқықтық оқыту өткізілді.
Құқықтық оқытудың мақсаты «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған ақпаратқа қол жеткізу, қол жеткізу шектелген ақпарат, сұрау салу бойынша ақпарат беру тәртібін түсіндіру.