"Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.05.2020 жылғы №ПГСВ-28 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Ақтөбе облысы тұрғындары арасында COVID-19 ауруын алдын алу бойынша шектеу шаралары жөніндегі" Қаулысы

Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150 бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидасының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №38 қаулысына сәйкес, халық арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақтөбе облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.05.2020 жылғы №ПГСВ-28   қаулысына келесідей өзгерістер енгізу:

1) 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«01.06.2020 жылдың 00:00 сағаттан бастап Ақтөбе қаласының аумағынан карантин режимі алынып, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы аумағында эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанғанға дейін шектеу іс-шараларының қолданылуы жалғастырылсын.»

2) 2.1. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының блокпостарында санитарлық-карантиндік бақылау алынып тасталсын және қамтамасыз етілсін»:

1) Қазақстан Республикасына шетелден келетін барлық адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациялары мүшелерін қоспағанда ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келетін адамдарды; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын және локомотив бригадаларының мүшелерін; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды қамтамасыз етсін.

COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтаманы ұсынған, авиарейспен шет елден келген адамдар үйде (үй карантині) 14 тәулік бойы оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда карантиндік стационарда оқшаулау ұсынылады. Бұл ретте бұл адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланбайды.

COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар емделу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады;

2) вахта қызметкерлері шығу/келу кезінде кәсіпорын басшысы вахтаға шығуға/кіруге дейін бес күнтізбелік күн бұрын Ақтөбе облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне және кәсіпорынның орналасқан жері бойынша оның аумақтық бөлімшелеріне шығу/келуге жататын вахта қызметкерлерінің ЖСН-і (резидент еместерді қоспағанда), нақты тұратын мекен-жайы, байланыс деректері (ұялы телефон нөмірі) және қызметкердің тұрғылықты жері бойынша 14 күнге үй карантиндеу режимін міндетті түрде орындауы туралы қол қойылған қолхатын, сондай-ақ жұмысшылардың зерттеу күнінен бастап 5 күннен аспайтын мерзімде өткізілген вахтадан шыққан кездегі жедел-тестілеу және вахтаға кірген кездегі ПТР-мен тестілеу нәтижелерін ұсынады.

  1. Ақтөбе қаласының және облыс аудандарының әкімі келесі кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарының қайта жаңартылуын қамтамасыз етсін (әзірлік актісі болған жағдайда және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, персоналдың ауысымына екі рет және кірер кезде келушілердің термометриясын жүргізу):

1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік дәрігерінің 30.05.2020 жылғы №38 қаулысының 9-қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, ойын-сауық орталықтарын, фудкорттарды, кинотеатрларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық кешендері;

2) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік дәрігерінің 30.05.2020 жылғы №38 қаулысының 42-қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, СПА орталықтары, массаж кабинеттері, бассейндер, жағажайлар, аквапарктер;

3) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік дәрігерінің 30.05.2020 жылғы №38 қаулысының 8-қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, халыққа арналған фитнес орталықтары, спорт кешендері, жаттығу залдары;

4) бильярд, боулинг-орталықтары, компьютерлік, интернет-клубтары, ойын залдары, букмекерлік кеңселер, лото;

5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік дәрігерінің 30.05.2020 жылғы №38 қаулысының 14 қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтай отырып, мектепке дейінгі балалар ұйымдары;

6) балалардың арнайы оңалту орталықтары;

7) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік дәрігерінің 30.05.2020 жылғы №38 қаулысының 39-қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтай отырып қала сыртындағы балалар сауықтыру лагерьлері;

8) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік дәрігерінің 30.05.2020 жылғы №38 қаулысының 12 қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтай отырып, автовокзалдар, автостанциялар.

  1. Облыс аудандарының әкімдері келесі кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың жаңартылуын қамтамасыз етсін (әзірлік актісі болған жағдайда және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, персоналдың ауысымына екі рет және кірер кезде келушілердің термометриясын жүргізу):

1) азық-түлік емес дүкендері, сауда орталықтары, үйлері;

2) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (оның ішінде жазғы павильондары), үстелдердің арасындағы әлеуметтік қашықтықты кемінде екі метр сақтай отырып және келушілер санын 50 адамға дейін шектеп (мерекелік және естелік іс-шараларды өткізу ұсынылмайды);

3) саябақтар, алаңдар, скверлер, жағалаулар (ойын-сауық объектілерінсіз).

  1. Өз қызметін қайта бастаған объектілер ішкі тәртіп бойынша жұмыс режиміне сәйкес ҚР ПГГСВ №37, №38 және АО ПГГСВ №ПГСВ-24, №ПГСВ-25 қосымшаларының талаптарын сақтауға міндетті.
  2. COVID-19 аурушаңдығының өсу деңгейі 7 күн ішінде 5%-дан асқанда және Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының аумағында эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде, 30.04.2020 жылғы ПГСВ-23, 10.05.2020 жылғы ПГСВ-25, 15.05.2020 жылғы ПГСВ-27, 26.05.2020 жылғы ПГСВ-28, 31.05.2020 жылғы ПГСВ-30 сәйкес өз қызметін қайта бастаған кәсіпкерлік субъектілері жұмысын тоқтатуға міндетті.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                Н.А. Беркімбаева

 

"Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.05.2020 жылғы №ПГСВ-28 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Ақтөбе облысы тұрғындары арасында COVID-19 ауруын алдын алу бойынша шектеу шаралары жөніндегі"
Дата публикации
31 мая 2020