2022 жылдың 1-ші желтоқсанында Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Б.К.Шагалбаев Ырғыз ауданданындағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлеріңің іс-әрекетіне қатысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексін бұзушылықтарының профилактикасын қамтамасыз ету мәселелері төңірегінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алуды, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының әдеп нормаларын сақтауын, заңға енгізілген жаңа нормаларды және мемлекеттік қызметшінің құқықтары мен міндеттерін түсіндірді. Мемлекеттік қызмет салаларында реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мемлекеттік бақылау сапасын бағалау мемлекеттік қызметшінің құқықтары мен міндеттері туралы мәселелерді талқылады.
Болатбек Кендебаевич қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлықты жоюды әрбір мемлекеттік қызметші өзінен бастау керектігін және де өз міндеттерін кәсіби және сапалы атқаруын, жұмыс кестесін сақтаудан бастап, қоғамдағы мінез–құлқымен байланысты тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.
Әдеп мәселелері бойынша әңгімелесіп, ұжымда қолайлы климатты орнату бойынша білімімен, тәжірибесімен және пікірлерімен алмасты.