Короновирусная инфекция

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы  20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес, 2020 жылжың 21-ші аптасында COVID-19 аурушаңдығының өсу деңгейінің 7% - дан аспауына қол жеткізуді ескере отырып, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысын басшылыққа ала отырып (бұдан әрі - Қаулы ),  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы (Қалиев А.А.) және меншік түріне қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары қамтамасыз етсін:

1) жоспарлы медициналық қызметтер көрсетуді қайта бастауды;

2) стационарларда, емханаларда, медициналық орталықтарда және стоматологиялық клиникаларда карантинді сақтауды;

3) COVID-19 бар науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылмаған Денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс режимі Қаулының 4-қосымшасының IV тарауының 3-бөліміне сәйкес;

4) бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының жұмыс режимін Қаулының 4-қосымшасының 4-бөліміне сәйкес;

5) стоматологиялық клиникалардың жұмыс тәртібін қаулының 27 қосымшасына сәйкес;

6) медициналық персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қаулының 32-қосымшасына сәйкес .

  1. Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау нысандарына карантин енгізу туралы» 2020 жылғы 3 сәуірдегі №ПГСВ-9 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                Н. Беркімбаева

 

"Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы "
Дата публикации
28 мая 2020