"Ақтөбе облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы"

Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150 бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидасының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаусына сәйкес халық арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе облысының аумағында шектеу іс-шараларының және Ақтөбе қаласының аумағында карантин режимінің қолданылуы эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанғанға дейін ұзартылсын.
  2. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы аудандарының әкімдері:

2.1. Облыстың блокпосттарында санитарлық-карантиндік бақылау жұмысын күшейтілсін және қамтамасыз етілсін:

1) басқа өңірлерден келетін адамдарды (оның ішінде Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысының тұрғындарын) ПТР әдісімен COVID-19 тестілеу өткізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулау;

2) басқа өңірлерден келген адамдарды (оның ішінде Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысының тұрғындарын) зерттеу күнінен бастап 5 күннен аспайтын мерзімде өткізілген ПТР тестілеу нәтижесі теріс болған жағдайда тұрғылықты жері бойынша 14 күнге оқшаулау (үй карантин);

3) халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлерін, сондай-ақ медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды, сондай-ақ карантин енгізілген кезеңде стационарларда емдеуде және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуын қоспағанда, карантин жарияланған өңірлер/қалалар аумағынан шығуға және оларға кіруге тыйым салуды енгізуді және орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

Медициналық көрсетілімдер бойынша екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде карантин жарияланған өңірлер/қалалар аумағына азаматтардың келуіне және олардан шығуына мынадай құжаттар болған жағдайда рұқсат беріледі:

- диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы           № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы;

- бірінші басшы қол қойған және гербті мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және шұғылдығын растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақыру хаты;

4) Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері 22.05.2020 жылғы №37 қаулысының 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес  медициналық көрсетілімдері бойынша шығуды қоспағанда, адамдардың жекелеген санаттарына шығуға және кіруге рұқсатты жергілікті атқарушы органдар береді.

5) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жедел штабтар мен тиісті аумақтағы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігердің шешімі бойынша өңірлер ішіндегі блок бекеттерде санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыруды;

6) автокөлік құралдарының жүргізушілері қозғалысты маршруттық параққа сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

7) вахта қызметкерлері шығу/келу кезінде кәсіпорын басшысы вахтаға шығуға/кіруге дейін бес күнтізбелік күн бұрын Ақтөбе облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне және кәсіпорынның орналасқан жері бойынша оның аумақтық бөлімшелеріне шығу/келуге жататын вахта қызметкерлерінің ЖСН-і (резидент еместерді қоспағанда), нақты тұратын мекен-жайы, байланыс деректері (ұялы телефон нөмірі) және қызметкердің тұрғылықты жері бойынша 14 күнге үй карантиндеу режимін міндетті түрде орындауы туралы қол қойылған қолхатын, сондай-ақ жұмысшылардың зерттеу күнінен бастап 5 күннен аспайтын мерзімде өткізілген вахтадан шыққан кездегі жедел-тестілеу және вахтаға кірген кездегі ПТР-мен тестілеу нәтижелерін ұсынады. 

  1. Ақтөбе қаласының әкімі, Ақтөбе облысы аудандарының әкімдері, Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы, адамдар көп жиналатын объектілері бар кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

1) бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б. өткізу) өткізуге тыйым салуды;

2) адамдардың қатысуымен байланысты мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің түлектері үшін бітіруші балдарды, кештерді, соңғы қоңырауларды өткізуге тыйым салуды;

3) тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

4) діни нысандарға баруға тыйым салуды;

5) көше саудасына тыйым салуды;

6) өз қызметін қайта бастаған объектілермен ПГГСВ РК №37 және ПГГСВ АО №ПГСВ-24, №ПГСВ-25 қосымшаларының талаптарын орындауды;

7) халықтың тұратын жерінен аса қажетсіз шығуын шектеуді (тұрғын үйден шыққан кезде алдын алу шараларын, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет);

8) санитариялық және дезинфекциялық шараларды міндетті түрде сақтай отырып және жұмыс режимін сағат 09:00 ден 20:00 дейін уақытша шектей отырып, супермаркеттер, гипермаркеттер мен азық-түлік дүкендерінің жұмысын ұйымдастыруды, ал сағат 20:00-ден 09:00-ге дейін азаматтар бармай жүзеге асыратын тапсырысты шығаруға және жеткізуге жұмыс істеуді.

  1. Ақтөбе қаласының әкімі 2020 жылғы 27 мамырдан бастап мынадай кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың (дайындық актісі болған және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, персоналдың ауысымына екі рет және кірер кезде келушілердің термометриясын жүргізуді сақтаған жағдайда) қайта жұмыс жасауын қамтамасыз етсін:

1) азық-түлік, мал, автомобиль, киім-кешек, құрылыс базарларының жұмыс режимін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей;

2) спорт объектілері (30 адамға дейінгі топтар үшін оқу-жаттығу процесін өткізу, көрерменсіз);

3) азық-түлік емес дүкендер, сауда орталықтары, үйлердің жұмыс режимін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей;

4) мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың жұмыс режимін сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін уақытша шектей;

5) азық-түлік тауарлары жәрмеңкелерінің жұмыс режимін сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін уақытша шектей;

6) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (оның ішінде жазғы павильондары) жұмыс режимін сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін уақытша шектей, үстелдердің арасындағы әлеуметтік қашықтықты кемінде екі метр сақтай отырып және келушілер санын 50 адамға дейін шектеп (мерекелік және естелік іс-шараларды өткізу ұсынылмайды);

7) саябақтар, алаңдар, скверлер, жағалаулар (ойын-сауық нысандарынсыз).

4.1. Өз қызметін қайта бастаған объектілері ПГГСВ РК №37 және ПГГСВ АО №ПГСВ-24, №ПГСВ-25 қосымшаларының талаптарын орындауы қажет.

  1. Облыс аудандарының әкімдері 2020 жылғы 27 мамырдан бастап балалар түзеу кабинеттерін (топтарда 10 адамнан аспайтын) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қайта жұмыс жасауына рұқсат берілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                           Н. Беркімбаева

Ақтөбе облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы
Дата публикации
26 мая 2020