Ақпараттық-әдістемелік хат

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жоспарының 1.9 және 1.10 тармақтарын орындау бойынша келесіні мәліметтеріңізге жеткізеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12 бабы 1 тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:

1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

4) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;

5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

Заңның 12 бабы 4 тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

Заңның 12 бабы 6 тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей, олардың шотына келіп түскен ақша, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған қаражат олар анықталғаннан кейін екі аптадан аспайтын мерзімде тиісті мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсу мән-жайлары туралы түсініктеме беріле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады.

Қылмыстық жауапкершілік пара беру, алу, делдалдық, жәрдемдесу және пара беруге арандату үшін көзделген.

Лауазымды адаманың пара алғаны үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 366 – бабы) мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен елу (осы баптың 2-4 тармақтары бойынша қорқытып алу жолымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, iрi мөлшерде, бірнеше рет жасалса, қылмытық топ жасаса елу, жетпіс және сексен еселенген) еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға (осы баптың 2-4 тармақтары бойынша қорқытып алу жолымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, iрi мөлшерде, бірнеше рет жасалса, қылмытық топ жасаса алты жылдан  он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру) дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

 

Дата публикации
01 ноября 2022