Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жоспарының 1.3. және Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жоспарының 1.3. мемлекеттік қызметшілердің кірістері, шығыстары, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтер қабылдауды ұйымдастыру, көрсетілген мәліметтердің уақтылы ұсынылуына бақылауды қамтамасыз етуді жүзеге асыру бойынша ТАЛДАУ
2022 жыл 1 қазан Ақтөбе қаласы
Сәңкібай батыр даңғылы 1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік қызметшілердің кірістері, шығыстары, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтер қабылдауды ұйымдастыру, көрсетілген мәліметтердің уақтылы ұсынылуына бақылауды қамтамасыз етуді орындау іс шарасы бойынша талдау жүргізді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына қаржылық бақылау шаралары бойынша Департамент және оның аумақтық басқармалараның мемлекеттік қызметкерлері және олардың жұбайларының кірістері мен мүлкі туралы декларацияны уақытылы мемлекеттік кірістер органына ұсынуды ұйымдастырылып, жүргізілді.
2022 жылдың 14 қыркүйегіне дейін Департамент және оның аумақтық басқармаларының 168 мемлекеттік қызметкері (оның ішінде 31-і бала күтімі бойынша демалыста отырған қызметер) және олардың жұбайларымен 2021 жыл бойынша кірістері мен мүлкі туралы декларацияны уақытылы мемлекеттік кірістер органына ұсыну ұйымдастырылып, жүргізілді.
Департамент және оның аумақтық басқармалары бойынша мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдар жоқ.
Департамент басшысы Р.М. Койшанова
Персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Т. Утегенова