Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жоспарының 2.8. және Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жоспарының 2.7. тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудың тиімділігін, нәтижелілігін арттыру, осындай сатып алуды жүзеге асырудың жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын мониторингтеу және анықтау және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жүрізілген жұмыс ТАЛДАУЫ
2022 жыл 3 қазан Ақтөбе қаласы
Сәңкібай батыр даңғылы 1
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2022 жылғы 11 қазандағы жағдай бойынша 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары 836 105,5 мың.теңге сомасында бекітілді.
Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы 173 хабарландыру, оның ішінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 107, ашық конкурс – 5, рейтингтік-баллдық жүйе бойынша – 3, өтпей қалған сатып алулар бойынша – бір көзден алу тәсілімен – 42, тікелей шарт жасасу арқылы – 16 хабарландыру жіберілді.
Жыл соңына дейін мемлекеттік сатып алудың 28 тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің түрлері аяқталған жоқ.
Барлығы 825 718,0 мың теңгеге 71 шарт жасалды, оның ішінде 45 келісім шарт 436 700,8 мың теңгеге орындалды.
Мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын мониторингтеу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Департамент басшысы Р.М. Койшанова
Әкімшілік қамтамасыз ету және мемлекеттік
сатып алулар бөлімінің басшысы Д.Т. Ильясова