Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жоспарының 2.9. және Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың
жоспарының 2.8. тармағы орындау бойынша ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асырылуы бойынша
ТАЛДАУ
2022 жыл 3 қазан Ақтөбе қаласы
Сәңкібай батыр даңғылы 1
2022 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша департамент жұмысын қамтамасыз етуге бөлінген қаражат 1010968,6 мың теңге, игерілді 1010965,0 мың теңге, 100 пайызды құрайды.
Соның ішінде 001 бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген қаражат 582697,6 мың теңгені құрайды. Департамент және аумақтық басқармалар қызметкерлерінің еңбек ақы, өтемақы, әлеуметтік төлемдері ай сайын уақытылы төленуде. Санитариялық – эпидемиологиялық қызметті жүзеге асыру мақсатында қорғаныс құралдары (СИЗ костюм), канцериялық құрал-жабдықтар, А4 қағазы, термопринтер қағазы, баланстағы автокөліктерге қажетті қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары (бензин) сатылып алынды және де коммуналдық төлемдер, байланыс қызметі, жалға алынып отырған ғимарат және автокөліктер төлемдері ай сайын төленуде.
421 кіші бағдарлама бойынша 4 аумақтық басқарманың ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу үшін 456,3 мың теңгеге техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
070 бағдарлама бойынша Ұлттық сараптама орталығымен көрсетілетін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер үшін 748946,1 мың теңгеге келісім – шарт жасалынды, қазіргі таңда нақты көрсетілген қызметтер үшін төлемдер жүргізілуде.
038 бағдарлама бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында 3175,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалынды. Біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өткен қызметшілер үшін көрсетілген қызметтер ақысы төленді.
2022 жылдың ақпан айында департаменттің және аумақтық басқармалардың қажеттіліктерін сараптай отырып, 2023-2025 жылдарға арналған Бюджеттік сұраныс дайындалып, Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетіне тапсырылды.
Бөліммен ай-сайын департаменттің жеке қаржыландыру жоспарына міндеттемелер мен төлемдер бойынша өзгерістер енгізу сұранысы комитетке тапсырылуда, тоқсан сайын салықтық, статистикалық есептер, дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша есептер уақытылы жіберілуде. 2022 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша бюджеттік, қаржылық есептер тапсырылды.
Департамент басшысы Койшанова Р.М.
БЖ және БЕ бөлімінің басшысы Алқанбаева Ж.Н.