Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жоспарының 1.1. және Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жоспарының 1.1. Міндеттердің орындалуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында заңнамада белгіленген тыйым салулардың, шектеулер мен талаптардың сақталуына талдауды жүзеге асыру, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша, оның ішінде олар сақталмаған жағдайда осындай адамдарды жауаптылыққа тарту бойынша қабылданған шаралар бойынша
ТАЛДАУ
2022 жыл 30 маусым Ақтөбе қаласы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен (бұдан әрі - Департамент) 2022 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша міндеттердің орындалуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында заңнамада белгіленген тыйым салулардың, шектеулер мен талаптардың сақталуына талдауды жүзеге асыру, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша, оның ішінде олар сақталмаған жағдайда осындай адамдарды жауаптылыққа тарту бойынша қабылданған шаралар бойынша талдау жүргізді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығының 1-қосымшасымен бекітіген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес Департаментпен мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған 10 жалпы және 9 ішкі конкурс өткізілді.
Өткізілген жалпы конкурстың нәтижесі бойынша бос орынға қабылданған 4 қызметкер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабында көрсетілген шектеулерді сақтайтындығы туралы міндеттеме алып, қол қойды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабында қарастырылған шектеулерді және 13 бабында қарастырылған тыйымдардың сақталмауы, 15 бабында қарастырылған мүдделер қақтығысы жағдайлары тіркелмеді және анықталған жоқ.
Департамент басшысы Р.М. Койшанова
Персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Т. Утегенова