Талдамалық анықтама
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Ақтөбе облысы 15-16 қыркүйек 2022 жыл
Шалқар ауданы
Шалқар қаласы
І. Кіріспе
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».
2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.
2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Шалқар аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.
2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:
Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.
2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы: Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
2.6. Басқарманың бақылау фунцияларына қатысты:
Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 бірлескен бұйрығының 38-қосымшасымен бекітілген, Түрлі-түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібінің өндірістік мақсатындағы объектілері, ғимараттары мен құрылыстарына қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексеру парағының 60 тармағының мемлекеттік тіліндегі нұсқа мен ресми тілдегі нұсқа мәтіні сәйкес келмейді, екі түрлі.
Мемлекеттік тілдегі нұсқасы: «Жарылған тау массасын қазып алу және тиеу (еруге немесе нығыздалуға икемді пайдалы қазбалардан басқасы) алдын ала ылғалдандырылғаннан кейін жүргізіледі:
1) сумен немесе ББЗ ерітіндісімен (оң температура кезінде);
2) тұзды су ерітінділерімен (теріс температура кезінде).».
Ресми тілдегі нұсқасы: «Наличие для сокращения пылевыделения на участках использования в карьерах ленточных конвейеров, а также стационарного и передвижного оборудования (грохота, дробилки и другие):
1) гидрообеспыливания пылящих узлов с помощью оросителей или воздушных завес;
2) сухого пылеулавливания, включающее систему отсосов воздуха от пылящих узлов с одновременной его очисткой.».
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 бірлескен бұйрығының 38-қосымшасымен бекітілген, Түрлі-түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібінің өндірістік мақсатындағы объектілері, ғимараттары мен құрылыстарына қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексеру парағының 156 тармағындағы «Өндірістегі жазатайым оқиға туралы акті негізінде зерттеу аяқталған соң бір ай ішінде әзірленген «Кәсіби ауруларды (улануларды) ескерту және еңбек жағдайларын жақсарту және санитариялық-сауықтыру іс-шаралары жөніндегі іс-шаралар жоспарының» болуы және оның орындалуы.» талабы, халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамаларда қарастырылмаған.
ІІІ. Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 бірлескен бұйрығының 38-қосымшасымен бекітілген, Түрлі-түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібінің өндірістік мақсатындағы объектілері, ғимараттары мен құрылыстарына қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексеру парағының 60 тармағының мемлекеттік тіліндегі нұсқасы мен ресми тілдегі нұсқасының мәтіні сәйкестендіруді.
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 бірлескен бұйрығының 38-қосымшасымен бекітілген, Түрлі-түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібінің өндірістік мақсатындағы объектілері, ғимараттары мен құрылыстарына қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексеру парағының 156 тармағындағы «Өндірістегі жазатайым оқиға туралы акті негізінде зерттеу аяқталған соң бір ай ішінде әзірленген «Кәсіби ауруларды (улануларды) ескерту және еңбек жағдайларын жақсарту және санитариялық-сауықтыру іс-шаралары жөніндегі іс-шаралар жоспарының» болуы және оның орындалуы.» деген талапты алып тастауды.
Департамент басшысының орынбасары Б.К. Шагалбаев
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Б. Кенжебаев
Персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Т. Утегенова
«Ақтөбе-адалдық алаңы»
жобалық кеңсесінің басшысы Қ.С. Серікжанов
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық
бірлестігі Ақтөбе облысындағы
Ақтөбе қаласы филиалының басшысы А.З. Байменов
«Келісемін»
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Ақтөбе облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
Шалқар аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы» РММ басшысы
________________ Г.Б. Құдайсүгірова
«___» ____________ 2022 жыл