Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы құқықтық оқыту

       Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021-2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының 1.9 - тармағын іске асыру мақсатында 2022 жылдың 30 қыркүйегінде Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімі департаменттің сондай-ақ қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары үшін Zoom платформасында «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» тақырыбында құқықтық оқыту (онлайн) өткізді.

     Құқықтық оқытудың мақсаты қызметкерлердің әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу барысында мәліметтерді дұрыс және толық толтыруды түсіндіру. 

Дата публикации
30 сентября 2022