Ерекше тәртіп және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша және медициналық ұйымдарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруде НҚА талаптарын түсіндіру бойынша жұмыс кеңесінің өткізілгендігі туралы

    Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен 2022 жылдың 27 қыркүйегінде Департамент және аумақтық басқарма мамандарының қатысуымен ерекше тәртіп және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын сақтау мәселелері және медициналық ұйымдарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруде НҚА талаптарын түсіндіру бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

    Жұмыс кеңесінің мақсаты тексерулер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талабына сәйкес нұсқамаларды тексеру, тексеру барысында тексеру кезеңін сақтау, тексеру актісіне қолданыстағы НҚА қою, тексеру мерзімін қатаң сақтау, және де медициналық ұйымдарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы НҚА талабымен беруді қамтамасыз ету.

Дата публикации
27 сентября 2022