Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Талдамалық анықтама

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Ақтөбе облысы                                                                    8-9 қыркүйек 2022 жыл

Ақтөбе қаласы

І. Кіріспе

 «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.

Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»

2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».

2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.

2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбе қалалық басқармасының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.

2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:

Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.

2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:

2021 жылы Ақтөбе қалалық басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50 бабы 1 тармағы 4) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіп бұзушылық (тәртіптік теріс қылық) жасағаны үшін Г.Кошетероваға, Т.Медебаеваға, Ж.Амренова және Г.Ибраймоваға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

2.6. Басқарманың бақылау фунцияларына қатысты:

Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

  1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 19 бабына сәйкес эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаты болып табылады.

«Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 33 қосымшасымен бекітілген, өндірістік мақсаттағы, технологиялық процестер мен жабдықтар, жылыту, жарықтандыру, желдету және ауаны баптау, сумен жабдықтау, су бұру және өндірістік объектілерде (оның ішінде көлік объектілерінде) өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату ғимараттарына, құрылыстары мен үй-жайларына қатысты тексеру парағының 92 тармағына сәйкес тазартылған ағынды суларды су қоймасына және басқа орындарға төгуіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы, 93 тармағына сәйкес жинақтаушы тоғандар, өнеркәсіп ағынды сулары тұндырғылары және қалдық қоймасы құрылыстарына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы және 124 тармағына сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы, жинақталуы деген талап қарастырылған.

Алайда, тазартылған ағынды суларды су қоймасына және басқа орындар және жинақтаушы тоғандар, өнеркәсіп ағынды сулары тұндырғылары және қалдық қоймасы құрылыстары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 қарашасы №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығында айқындалған эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесінде қарастырылмаған. Сонымен қатар, осы бұйрықтың 4 тармағы 31) тармағына сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы эпидемиологиялық мәні болмашы объектілер тізіміне енеді, яғни санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы талап етілмейді Кодекстің 24 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес хабарлама жасаумен шектеледі.

  1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 137 бабы 4 тармағына сәйкес егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болса, осы Кодекстің 147-бабы 2-тармағының бірінші бөлігін қоспағанда, осы Кодекстің 141 – 147-баптарының күші бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.

Алайда, Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты тексеру тағайындау актісін ашу барысынды міндетті түрде тексеру парағын таңдауды міндеттейді, тексеру парағы таңдалмаса тексеру актісі жасақталмайды.

ІІІ. Қорытынды

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:

  1. «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 33 қосымшасымен бекітілген, өндірістік мақсаттағы, технологиялық процестер мен жабдықтар, жылыту, жарықтандыру, желдету және ауаны баптау, сумен жабдықтау, су бұру және өндірістік объектілерде (оның ішінде көлік объектілерінде) өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату ғимараттарына, құрылыстары мен үй-жайларына қатысты тексеру парағының 92, 93 тармағы және 124 тармағындағы талаптарды алып тастауды
  2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 137 бабы 4 тармағына сәйкес тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты тексеру тағайындау актісін ашу барысынды тексеру парағын таңдауды міндеттеуді алып тастауды.

Департамент басшысының орынбасары                                Б.К. Шағалбаев

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы                     А.Б. Кенжебаев

  Персоналды басқару қызметінің басшысы                             Ж.Т. Утегенова

 

 

«Ақтөбе-адалдық алаңы»

жобалық кеңсесінің басшысы                                                  Қ.С. Серікжанов

 

 

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық

бірлестігі Ақтөбе облысындағы

Ақтөбе қаласы филиалының басшысы                                     А.З. Байменов

 

Дата публикации
13 сентября 2022