Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Ақтөбе облысы 21 шілде 2022 жыл
Алға ауданы
Алға қаласы
І. Кіріспе
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Алға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».
2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.
2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Темір аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.
2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:
Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.
2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы: Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
2.6. Департаменттің бақылау фунцияларына қатысты:
Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 16 мамырдағы №ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген, «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 8 тармағы 1) тарақшасына сәйкес балық арқылы берілетін описторхоз және дифиллоботриоз аурулары тіркелген кезде аумақтық бөлімшелер описторхозбен және дифиллоботриозбен күресу шараларының кешенін ұйымдастырады және күнтізбелік 7 күннің ішінде описторхистың дернәсілдерін жұқтыруға анағұрлым бейім балықтардың мынадай түрлерін (аққайраң, тарақ балық, оңғақ, қызылқанатты шұбар балық, торта, табан, тұрпа балық, көктыран, айнакөз, қызылкөз, қылыш балық, ақмарқа, теңге балық, үкішабақ, балпан, сұлұталма, сида балық, тілмай) жылына 1 рет зерттей отырып, су қоймаларының паразитологиялық жағдайын (қолайлы немесе қолайсыз) зерделеу және халықтың жұқтыру тәуекелдерін анықтау негізінде балық шаруашылығы су қоймаларын эпидемиологиялық-эпизоотологиялық бағалау жүргізеді.
Алайда, Санитариялық қағидада балық шаруашылығы су қоймаларында зерделеу үшін балықтарды ұстау қандай тәртіппен ұйымдастырылып жүргізілетіндігі айқындалмаған.
- «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 13 қосымшасымен бекітілген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында балалар сауықтыру және санаторлық (жыл бойғы, маусымдық) объектілеріне қатысты тексеру парағында 29 тармақ «тексерісті немесе жөндеуді (ауыстыруды) жүргізу бойынша орындалған жұмыстар актісінің болуы» деген талап, халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамаларда қарастырылмаған.
- «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 13 қосымшасымен бекітілген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында балалар сауықтыру және санаторлық (жыл бойғы, маусымдық) объектілеріне қатысты тексеру парағында 30 тармағындағы «уәкілетті органдарда объектінің апаттылығы туралы актілерінің болуы» деген талап, халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамаларда қарастырылмаған.
ІІІ. Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 16 мамырдағы №ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген, «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидада балық шаруашылығы су қоймаларында зерделеу үшін балықтарды ұстау қандай тәртіппен ұйымдастырылып жүргізілетіндігі айқындауды.
- «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 13 қосымшасымен бекітілген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында балалар сауықтыру және санаторлық (жыл бойғы, маусымдық) объектілеріне қатысты тексеру парағында парағындағы 29 тармағындағы «тексерісті немесе жөндеуді (ауыстыруды) жүргізу бойынша орындалған жұмыстар актісінің болуы» деген талапты алып тастауды.
- «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 13 қосымшасымен бекітілген, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында балалар сауықтыру және санаторлық (жыл бойғы, маусымдық) объектілеріне қатысты тексеру парағында 30 тармағындағы «уәкілетті органдарда объектінің апаттылығы туралы актілерінің болуы» деген талапты «Авариялық ғимараттарда және үй-жайларда орналасқан объектілерді пайдалану» деген талаппен ауыстыруды.
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Б. Кенжебаев
«Ақтөбе-адалдық алаңы»
жобалық кеңсесінің басшысы Қ.С. Серікжанов
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық
бірлестігі Ақтөбе облысындағы
Ақтөбе қаласы филиалының басшысы А.З. Байменов