Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Талдамалық анықтама

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

Ақтөбе облысы                                                                                  22 шілде 2022 жыл

Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қаласы

І. Кіріспе

 

            «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.

            Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің басым бағыты мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша тексеру жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 

            2.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша:

            «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес «Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:

            1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру»

            2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру».

 

            2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.

 

            2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер: Бұқаралық ақпарат құралдарында Мұғалжар аумақтық басқармаларының қызметкерлері жемқорлыққа қатысты сын пікірлер болған жоқ.

 

            2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:

            Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.

 

            2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы: Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.

            2.6. Департаменттің бақылау фунцияларына қатысты:

Мемлекеттік органның міндеті: тиісті аумақта өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 152-1 бабы 1 тармағына сәйкес тәуекелдерді бағалау жүйесінің негізінде жүргізілген, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы бұзушылықтар болған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

Алайда, тексері нәтижесі бойынша бұзушылық болған жағдайда қазіргі қолданып отырған тексеру субъектілері мен объектілерінің тізілімі ақпараттық жүйесінде бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығады.

  1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 152-1 бабы 7 тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты нұсқамада белгіленген мерзім ішінде беруге міндетті.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен бекітілген, Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларының 14 қосымшасымен бекітілген бұзушылықты жою туралы нұсқамада ақпаратты беретін мерзім қарастырылмаған.

  1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 143 бабы 2 тармағына сәйкес тексеру парағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бөліп жасалады.

«Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 39 қосымшасымен бекітілген, Түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібінің өндірістік мақсаттарға арналған ғимараттар мен құрылыстар объектілеріне қатысты тексеру парағының 156 тармақтан тұратын талаппен ауқымды болуына байланысты түсті металлургия өнеркісібіне және тау-кен өнеркәсібіне қатысты тексеру парақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында бөлек қарастыру қажет деп санаймыз.

 

ІІІ. Қорытынды

 

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:

            «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне келесідей нормативтік құқықтық актілердің қайшылығы бойынша ұсыныс жолдау:

  1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 152-1 бабы 1 тармағына сәйкес тексеру субъектілері мен объектілерінің тізілімі ақпараттық жүйесіндегі «бұзушылықты жою туралы ұйғарым» деген сөзді «бұзушылықтарды жою туралы нұсқама» деген сөзбен өзгертуді.
  2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №162 бұйрығымен бектілген, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларының 14 қосымшасымен бекітілген бұзушылықты жою туралы нұсқаманы анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты беру мерзімі туралы тармақпен толықтыруды.
  3. «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 бірлескен бұйрығының 39 қосымшасымен бекітілген, Түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібінің өндірістік мақсаттарға арналған ғимараттар мен құрылыстар объектілеріне қатысты тексеру парағының 156 тармақтан тұратын талаппен ауқымды болуына байланысты түсті металлургия өнеркісібіне және тау-кен өнеркәсібіне қатысты тексеру парақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында бөлек-бөлек қарастыруды.

 

Департамент басшысының орынбасары                        Б.К. Шағалбаев

 Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы              А.Б. Кенжебаев

 «Ақтөбе-адалдық алаңы»

жобалық кеңсесінің басшысы                                            Қ.С. Серікжанов

 «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық

бірлестігі Ақтөбе облысындағы

Ақтөбе қаласы филиалының басшысы                                 А.З. Байменов

 

 

Дата публикации
12 сентября 2022