Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбековна, коронавирустық инфекцияның (әрі қарай – КВИ) таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) 4.2-тармақта келесі абзац алынып тасталсын:
- бөлек тұрған тұрмыстық техника, сантехника, автосалон дүкендері және азық-түлік емес тауарлар сататын басқа да дүкендер сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.
2) 4.3. тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
- «Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтерінің (электр-, жылу-, сумен жабдықтау және басқа да) жұмысшыларына арналған асханаларда арасындағы қашықтық кемінде екі метр және бір үстелде бір адамнан аспайтын адамдарды отырғызу шартын сақтаған жағдайда (қажет болған жағдайда асханаларға бару кестесін қарастыру) және азаматтармен кәсіпорындардың үй-жайларына бармай-ақ, алып кету және апарып беруді тәулік бойы жүзеге асыратын қызметтерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын тоқтату».
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекттік
санитариялық дәрігері Н. Беркімбаева