Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрсұлу Алтынбекқызы Беркімбаева, облыс тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) 6.3. тармағының екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
- тұрғын жерден жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұруға (жеке автокөлігімен) жұмыс орнынан анықтамасы (жұмыс кестесі/уақыты, ұйымның атауы, БСН, қызмет түрі, қызметкердің ТАӘ тұрғылықты жерінің көрсетілуімен, тексеру жүргізу үшін жұмыс берушінің (ұйым басшысының) немесе кадрлар бөлімі қызметкерлерінің ТАӘ және байланыс нөмірі, автокөліктің маркасы мен нөмірі (керек болған жағдайда)) немесе тізімге қосылған рұқсат етілген салалар мен қызметтер түрлеріне жататын ұйымдардың жұмысшыларында қызметтік куәлігі болған жағдайда.
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н. Беркімбаева