Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрсұлу Алтынбекқызы Беркімбаева, облыс тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Азық-түлік дүкендерінің (сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін режимінде жұмыс жасау), дәріханалардың және дәріхана қоймаларының (штаттық режимде), емдеу-профилактикалық ұйымдарының (03.04.2020 жылғы №ПГСВ-9 қаулысына сәйкес), автожанармай құю станцияларының және автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станцияларының (автоқосалқы бөлшектерді интернет арқылы алу), мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайтын Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары, тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтері мен объектілерінің жұмысын қоспағанда, карантин кезінде халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен объектілер қызметінің барлық түрлерін тоқтату.
2) 6.3. тармағында:
«кіріп-шығуына» деген сөздерден кейін «(оның ішінде Ақтөбе қаласында жүру)» деген сөздермен толықтырылсын.
« - жұмыс берушінің анықтамасы (жұмыс кестесі/уақыты деген сөздерден кейін «ұйымның атауы, БСН, қызмет түрі, қызметкердің ТАӘ тұрғылықты жерінің көрсетілуімен, автокөліктің маркасы мен нөмірі, тексеру жүргізу үшін жұмыс берушінің (ұйым басшысының) немесе кадрлар бөлімі қызметкерлерінің ТАӘ және байланыс нөмірі);
«Ақтөбе облысының экономикалық тергеу департаменті» деген сөздерден кейін «Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» деген сөздермен толықтырылсын.
3) 05.04.2020 жылғы №ПГСВ-10 қаулысының 1 қосымшасы алынып тасталсын.
4) 7.11 тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«Жұмысқа, жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға және қоқыс шығарудан, сондай-ақ үйге жақын жерде 500 метр радиуста үй жануарларын ұзақтығы 30 минуттан асырмай серуендетуден басқа тұрғындардың пәтерден (үйден) шығуына тыйым салынсын. Лифтті пайдалану кезінде кабинада екі адамнан артық емес шектеулерді сақтау;
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н. Беркімбаева