Мен, Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Беркімбаева Нурсулу Алтынбекқызы, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 150-бабының, Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын,оның ішінде карантинді жүзеге асыру ережесінің 2 және 10-тармақтарының негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы 30-ПГВр қаулысының 3 тармағы 7 тармақшасына сәйкес және Ақтөбе облысының аумағында коронавирустық инфекцияның COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) 7 жағдайының тіркелуіне байланысты оның халық арасында одан әрі таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
3.1. Облыстағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемерде кәсіби медициналық тексерулердің, кезекті скринингтік тексерулердің, пациенттерді физиоемдеу мен оңалтудың барлық түрлерін жүргізуді тоқтата тұру;
3.2. Шұғыл медицианалық көмекті көрсетуді, қашықтық форматында дәрігерлік консультация беру және қабылдау қызметін көрсету, қоңырау шалу, сонымен қатар науқас, жүкті әйелдер, байланыста болған адамдардың үйіне бару арқылы медициналық бақылауды жүргізуді ұйымдастыру;
3.3. Емхана және стационар ғимартарының кіре берісі тиісті көрсеткіштермен жабдықтала отырып ЖРВИ, ТОРИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлы тұлғалар «фильтр» арқылы қабылдансын;
3.4. ЖРВИ, ТОРИ және тұмау белгілері және COVID-19 симптомдары бар адамдарды оқшаулау үшін арнайы бөлінген бөлмені ұйымдастыру;
3.5. Медициналық мекемелердің аумағында суық тию және ЖРВИ-мен ауыратын пациенттерге коронавируске алынған анализдерге жедел диагностика жүргізу үшін уақытша үй-жайлар (шатырлар) орналастыруды (құруды) қамтамасыз ету;
3.6. Шұғыл медициналық көмек үшін келген пациенттің емханадағы уақытын максималды шектеу;
3.7. Тұмау және ауыр, орташа-ауыр ЖРВИ-дің күдігі және COVID-19 белгілері бар науқастарға консультациялық көмек көрсету үшін қосымша телефондар орнату және автокөлікпен қамтамасыз ету;
3.8. Үйде шақыруларға қызмет көрсету үшін жағдай жасау (қосымша автокөлік, жанар-жағар май, тіркеу орнының ауысым жұмыстарын ұйымдастыру, еңбекке жарамсыздық парақтарын беру);
3.9. Үйдегі карантиндегі адамдар үшін уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағы) медициналық ұйымдарға бармай рәсімдеуді ұйымдастыру;
3.10. Пациенттерді тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде рецептерді онлайн-беруді немесе үйге жеткізуді ұйымдастыру;
3.11. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың шұғыл медициналық көмек бригадаларының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету;
3.12. Денсаулық сақтау ұйымдарында мынадай:
- босандыру ұйымдарында жаңа туған нәрестелерге (БЦЖ және ВВГ);
- инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін тұрғындарға (көктемгі-жазғы кене энцефалиті, күйдіргі, туляремия, оба);
- кез келген жануар тістеген немесе сілекейлеген адамдарға (құтыру);
- тері жабыны мен сілемейлі қабықтарының бүтіндігі бұзылуы арқылы зақым, жарақат алған адамдарға (сіреспе);
- эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекция ошақтарында байланыста болған адамдарға жүргізілетін профилактикалық егулерді қоспағанда, ерекше өкімге дейін профилактикалық егулер жүргізуді тоқтата тұруды қамтамасыз етсін;
3.13. ЖРВИ, тұмау белгілері және COVID-19-ға күдігі бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық персоналды (обаға қарсы костюмдер, жоғары дәрежелі М-95 типті немесе стандарт бойынша FFP2, FFP3М маскалар, халаттар, қолғаптар) жеке қорғану құралдарымен толық қамтамасыз ету;
3.14. Меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау объектілерінде санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейту (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, құралдардың бетін күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды жинау, желдету) дезинфекциялық және жуу құралдарымен жеткілікті болуын қамтамасыз ету;
3.15. Пациенттерді қабылдау кезінде ЖРВИ, COVID-19 симптомдарына ерекше көңіл бөлу, өмір анамнезін толық көлемде жинау;
3.16. Санитариялық тораптарды сұйық сабынды дозаторлар, электр кептіргіштермен немесе бір реттік қағаз сүркіштермен, пайдаланылған маскалар мен сүрткіштерді жинауға арналған педальді қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз ету;
3.17. Адамдар болған кезде ауаны зарарсыздандыратың заманауи құрылғыларымен медициналық ұйымдарды қамтамасыз ету;
3.18. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып шұғыл жағдайда қабылдауды қоспағанда, меншік түріне қарамастан облыс стационарларында науқастарды жоспарлы стационарлық емдеуге қабылдауды тоқтата тұру;
3.19. Науқастарға палаталарда тамақтануын ұйымдастыру, кейіннен асхана ыдыстарын жуу тәртібін және дезинфекциялауды қатаң сақтау;
3.20. КВИ-ның алды алдын алу сұрағы бойынша және СОVID-19 қарсы эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша, медицина қызметкерлері мен пациенттердің ауруханаішілік жұқтырудың алдын алу бойынша инфекциялық бақылау комиссиясының жұмысын күшейту;
3.21. Үй карантиніндегі адамдарға бейнетіркеу арқылы және қоңырау шалу арқылы жүйелі бақылауды қамтамасыз ету және ЖРВИ, COVID-19 белгілері пайда болған кезде 103 шақыру;
3.22. Халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын үнемі жүргізу, короновирустық инфекцияның алдын алу туралы көрнекі ақпарат (стендтер, брошюралар, парақшалар, плакаттар, короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша бейнематериалдар көрсету) орналастыру;
Ақтөбе облысының
бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері Н.Беркимбаева