Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Темір ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

Үстіміздегі жылдың 14 шілдесінде  Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  Әдеп жөніндегі уәкілі Б.К.Шагалбаев Темір ауданданындағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма қызметкерлердің іс-әрекетіне қатысты мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы тұрғындардың өтініш-шағымдары бойынша азаматтарды қабылдау жүргізді.

Сонымен қатар, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алуды және заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндірді.

Болатбек Кендебаевич қоғамдық проблемаға айналған сыбайлас жемқорлықты жоюда әрбір мемлекеттік қызметші өзінен бастау керектігін айтып, кез келген жағдайда әдепті және қарапайым болуға шақырды.

Азаматтарды қабылдау кезінде тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауап беріліп ұсыныстары қабылданды.

 

Дата публикации
14 июля 2022