Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150 бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидасының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе облысында және шекаралас барлық аумақтарда (соның ішінде РФ) коронавирустық инфекция жағдайларының тіркелуіне байланысты, сонымен қатар тұрғындар арасында инфекцияның әрі қарай таралып кетпеуінің алдын-алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2.1. Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы аумағының айналасында ғана карантиндік аймақтың шекарасын белгілеу (аудандар арасында жүріп-тұруға рұқсат берілген).
2.2. Қамтамасыз етілсін:
1) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
2) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтық жиналыстарға тыйым салу;
3) сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салу;
4) діни нысандардың қызметіне тыйым салу;
5) әкімдік жанындағы жедел топтармен эпидемияға қарсы режим талаптарының жұмыс режимінің сақталуына мониторинг жүргізу және объектілерге іріктеп тексеру жүргізу;
6) әскерге шақырылушыларды жинау және шақыру пункттерінде жөнелтуден 2-3 күн бұрын ПТР әдісімен СОVID-19 зертханалық тексеру;
7) халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
8) халыққа қызмет көрсету орталықтары мен екінші деңгейдегі банктердің жұмысын күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып;
9) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің қызметі әлеуметтік қашықтықты және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 12-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды. Сонымен бірге қызметкерлердің 50%-ның қашықтықтан жұмыс жасау тәртібі сақталады (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болған жағдайда);
10) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 13-қосымшасына сәйкес өңірлер арасындағы блокпостарда санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыру;
11) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды.
2.3. Ақтөбе облысының аумағына (аумағынан), сондай-ақ Ақтөбе қаласының аумағына (аумағынан) автокөлік құралдарының барлық түрлеріне және азаматтардың кіруіне және шығуына тыйым салу, келесілерді қопағанда:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің, сондай-ақ медициналық қызметкерлерінің автокөліктерін;
2) азаматтық қорғаныс қызметінің, өрт сөндіруші және апаттық-құтқару автокөліктерін;
3) Ақтөбе қаласының өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тыныс-тіршілігін үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ететін өндірістік тауарлары мен материалдары, азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық бұйымдары бар автокөліктерін;
4) көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнына анықтаманы (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде ара шаруашылығында тартылған адамдардың көліктерін қоспағанда;
5) транзиттік автокөліктерін;
6) коммуналдық, авариялық қызметтердің: электрмен, газбен, сумен және жылумен жабдықтау, қоқыс жинау, сондай - ақ байланыс пен коммуникациялардың автокөліктерін;
7) құқық қорғау органдары мен қызметкерлерінің (қызметтік куәлігін көрсеткен кезде Ақтөбе облысының полиция департаменті, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Ақтөбе облысының прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті, Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті, Ақтөбе облысының экономикалық тергеу департаменті, Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті) автокөліктерін;
8) ҚР Ұлттық ұланының, ҚР Қарулы Күштерінің және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері қызметтік куәлігін немесе әскери билетін және әскери бөлім командирі қол қойған қызметтік қажеттілігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ жедел қызметтегі әскери қызметшілердің тек арнайы автокөліктерін;
9) мамандандырылған инкассаторлық көліктерін;
10) «Бизнестің жол картасы» бойынша тартылған мамандандырылған автокөліктерін;
11) медициналық ұйымдарының зертханалық қызметтері үшін жүгі бар автокөліктерін;
12) жерлеу үдерістерінде еріп жүретін адамдардың ең көп саны он адамнан аспайтын автокөліктерін;
13) Қазақстан Республикасының аумағына бұрын келген шет мемлекеттердің азаматтары Ақтөбе қаласынан шыққан кезде;
14) Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының рұқсатын көрсеткен жағдайда, Ақтөбеден емделуге кететін Қазақстан Республикасының азаматтары;
15) Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының рұқсатымен Ақтөбе қаласына жедел емделуге келетін облыс аудандарының тұрғындарын;
16) Ақтөбе қаласының медициналық ұйымдарынан емін аяқтағаннан кейін шығарылған аудан тұрғындарын медициналық картадан үзіндісі болған жағдайда;
17) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі мен шет мемлекеттер персоналы және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері Қазақстаннан, сондай-ақ Қазақстанға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша;
18) карантиндік оқшаулаудан өткен басқа өңірлердің тұрғындары мен шет мемлекеттердің азаматтары Ақтөбе қаласынан шығу кезінде медициналық карталарының үзіндісі болған жағдайда.
2.4. Авариялық-құтқару қызметтерінің, жедел медициналық көмектің қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттері анықтасын;
2.5. Ақтөбе қаласына бірінші кезекте қажетті тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды кіргізу үшін «жасыл дәліз» белгілесін;
2.6. Блок-бекеттерге тартылған қызметтердің жеке гигиенасын сақтау үшін қажетті жағдайлармен, жеке қорғану құралдарымен және жабдықтарымен қамтамасыз етсін;
2.7. Ақтөбе қаласында қоғамдық көліктің жұмыс режимі сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін белгіленсін;
2.8. Жолаушыларды отыратын орын саны бойынша қатаң түрде отырғызу үшін маршруттық автобустарды жеткілікті санымен қамтамасыз ету;
2.9. Қоғамдық көлік пен аялдамаларды, көшелерді, тұрғын үйлердің кіреберістерін, аулалық балалар алаңдарын, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайды, адамдар көп жиналатын орындарды және басқа да объектілерді қоса алғанда, коммуналдық, дезинфекциялық және әскери қызметтерді тарта отырып, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 Қаулысының 3-қосымшасына сәйкес күшейтілген күн сайынғы дезинфекциялық іс-шараларды өткізуді жалғастыру.
1) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер белгілеген қосымша талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өңірлері (авиарейстер) арасында кіруге/шығуға рұқсат беруді;
2), аймақтандыру талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтар қызметінің (жазба бойынша) жұмыс жасауын;
3) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №36 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтап және азық-түлік базарларының қызметінің жұмыс режимін 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей отырып жұмыс жасауын;
4) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимін сақтап, ауданы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің жұмыс режимін 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектеп жұмыс жасауын,
5) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) жұмыс жасауын;
6) жұмысында күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, құрылыс дүкендерінің, саяжай мүкәммалын, оптика (дүкендер), гүл дүкендерінің, зоомагазиндерді жиналуын және ұзақ әрі тығыз қарым-қатынасты болдырмайтын өзге де объектілердің жұмыс жасауын;
7) техникалық қызмет көрсету станцияларының, автожуулардың, шиномонтаждау, автосалондардың Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс жасауын;
8) медициналық бетперде киген келушілерді жіберуді жіберу арқылы және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып сұлулық салондарының (алдын ала жазылу бойынша) жұмыс жасауын;
9) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің және т. б. қызметтері) жұмыс жасауын;
10) спорт объектілерінің қызметінде (30 адамға дейінгі топтар үшін оқу-жаттығу процесін жүргізу) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 6-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталуын;
11) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 7 қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақтай отырып, мәдениет объектілерінің жұмыс (жеке және топтық дайындық 30 адамға дейін) жасауын;
12) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 8 қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимінің сақтай отырып, Халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің жұмысы: баспаханалық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу жөніндегі сервис, химиялық тазарту, кір жуу орындары және жиналуды және ұзақ әрі тығыз қарым-қатынасты болдырмайтын өзге де объектілер жұмыс жасауын;
13) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 Қаулысының 9-қосымшасына сәйкес халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардың (қонақ үйлер, қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) жұмыс алгоритмінің сақталуын;
14) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 10 қосымшасына сәйкес әуежайлардың, темір жол және автомобиль вокзалдарының жұмыс алгоритмін сақталуын;
15) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 Қаулысының 11-қосымшасына сәйкес көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің жұмыс алгоритмінің сақталуын;
16) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №36 қаулысының 14-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың (жасына қарай) жұмысы;
17) білім беру орталықтарының, үйірмелердің (жазба бойынша) жұмысында, қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізумен (термометрия), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттетумен, сондай-ақ күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимінің сақталуын;
18) қызметкерлердің және балалардың денсаулық жағдайына бақылау (термометрия) жүргізумен, ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттетумен, сондай-ақ күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, балалардың түзеу кабинеттерінің жұмысына (алдын ала жазу бойынша);
19) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер белгілеген қосымша талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өңірлері (авиарейстер) арасында кіру/шығуды;
20) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 15-қосымшасына сәйкес, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып, қоғамдық көліктің шектеулермен жұмыс жасауына.
4.1. Ақтөбе қаласының, аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.
5.1. Тұрғын үйден шыққан кезде алдын алу шараларын сақтау қажет (әрбір 2 сағат сайын ауыстыра отырып, жабық үй-жайларда маскалар кию, бүтіндігі бұзылған жағдайда ауыстыра отырып, бір рет қолданылатын қолғаптар кию, тері антисептиктерін пайдалану));
5.2. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аулаға шығуға (топтармен 3 адамнан аспайтын немесе бір отбасы мүшелері) жол беріледі.
5.3. Адамдар көп жиналатын орындарға баруды болдырмау;
5.4. Әр түрлі қызмет түрлерін алған кезде адамдар арасында кемінде екі метр қашықтықты сақтау;
5.5. Тұрғылықты жері бойынша барлық отбасылық іс-шараларға, сондай-ақ туысқандары, әріптестері, көршілері, таныстары және басқаларының жерге (оның ішінде саяжайларда) баруына тыйым салу;
5.6. Созылмалы аурулары бар, сондай-ақ 65 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау қажет;
5.7. Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (мұрын біту, түшкіру, дене қызуының жоғарылауы) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел медициналық жәрдем шақыру арқылы дереу медициналық көмекке жүгіну қажет;
5.8. Жерлеу рәсімін жүргізу кезінде кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып, адамдардың шоғырлануы он кісіден аспайтын болсын;
5.9. Тұрғын үйді үнемі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстары жүргізілсін;
5.10. Жеке бас гигиенасы сақталсын.
6.1. қолғаптар мен бір рет қолданылатын маскаларды уақытылы ауыстыру (әрбір 2 сағат) және дене температурасын байланыс немесе байланыссыз тәсілмен бақылау жолымен, жұмыс орындарында өз қызметкерлерінің және клиенттерінің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6.2. Клиенттерге қолжетімді, көрінетін жерде нысанға кіргенде санитайзерлерді орнату;
6.3. Үй-жайларды күніне екі реттен кем емес ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу;
6.4. Объектіге іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;
6.5. Объектіге кіретін есіктің алдында дезинфекциялық құралдармен үнемі суарылатын дезинфекциялық кілемшелер орнату;
6.6. Клиенттер арасында кезектер туындаған кезде кемінде екі метр қашықтықты сақтауды ұйымдастыру қажет;
6.7. Жіті респираторлық жұқпалар (тұмау, түшу, дене қызуының көтерілуі) байқалатын қызметкерлерді жұмысқа жібермеу.
1) анықталған науқастар мен COVID-19 науқасымен жақын контактіде болғандарды дереу инфекциялық стационарларға оқшауласын;
2) ішкі карантиндік аймақтар COVID-19 клиникалық белгілері бар адамдарды ерте анықтау және оқшаулау мақсатында аула аралау;
3) респираторлық инфекция белгілері бар тұрғындарды COVID-19 зертханалық тексеріс жүргізіп, үй карантиніне оқшауласын;
4) ішкі карантинге ұшыраған жұмыс істейтін азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтары берілсін (инфекция ошақтарында оқшаулау, үй карантині);
5) науқастардың жатқызылғандығы және байланыста болғандар туралы хабарламаны хабарлау схемасына сәйкес ұсынсын;
6) оң COVID-19 анықталған адамдар жатқызылған ауруханалардың медициналық және қызмет көрсететін қызметкерлерін 14 күнде бір рет кезеңділікпен зертханалық тексерсін;
- провизорлық, жұқпалы және карантиндік стационарлардың аумағынан шығатын автомобиль көліктерін дезинфекциялық өңдеу.
- COVID-19 науқастарымен бірінші (жақын) және екінші (жұмыс, оқу орны бойынша) байланыс дәрежелі адамдардың анықталуын;
- COVID-19 науқастарының ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуін.
1) карантиндік және шектеу шараларын бұзу жағдайлары анықталған кезде өз құзыреті және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалар шеңберінде шұғыл шаралар қабылдауды, сондай-ақ осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарында профилактикалық мақсатта кеңінен жариялауды қамтамасыз ету;
2) азаматтардың көшеде жүру құқығынсыз үй карантин режимін сақтауын бақылау;
3) COVID-19 науқасы мен байланыста болғандардың ошақтары бар шегінде қала аумақтары мен тұрғын үй массивтерінің аймақтарының сегменттерін қорғау (бұғаттау);
4) эпидемиологтың ұсынысы бойынша COVID-19 науқастарымен байланыста болған және басқа аумақтардан келгендерді іздеу;
5) провизорлық және карантиндік стационарларда қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеумен қорғау және оқшаулау;
6) азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, скверлерде болуына жол бермеу мақсатында патрульдеу кезінде шараларды күшейту;
7) отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың топтармен 3 адамнан артық қозғалуына, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз қозғалуына жол бермеу;
8) Ақтөбе қаласы бойынша автокөліктердің аса қажетінсіз қозғалуына жол бермеу;
9) облыс азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР ҚМ келісімі бойынша әскери қызметшілер мен арнайы техникаларды бөлу.
- COVID-19 зертханалық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;
- COVID-19 зерттеулер нәтижелері туралы Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне дереу хабарлау;
- сынамалар жеткізген медициналық және басқа ұйымдарға COVID-19 зерттеу нәтижелерін уақытында беру;
- инфекция ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету.
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н. Беркімбаева
Ақтөбе облысының Бас
Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 10 мамырдағы
№ ПГСВ-26 қаулысына
№1 қосымша
Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі