Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі ретінде қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін анықтау мақсатында Ақтөбе қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымы арасында анонимді сауалнама жүргіздім. Анонимді сауалнама қорытындысы бойынша тиісті басқарушылық шаралар жүргізілетін болады.
Бұл ісшара «Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығына сәйкес жарты жылда бір рет жүргізілуі қажет.