Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Мұхтар Үбәйтжанұлы Сербаев 2022 жылдың 31 наурызында департаменттің және онық аумақтық басқармалары мамандарына Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырып өткізді.
Семинарға департаменттің бөлім басшылары,мамандары және қалалық, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандары қатысты.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне өте жоғары талаптар қойылады.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету- адал ниеттілік, өз міндеттеріне шынайы көзқарас - адалдық, жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу - әділдік, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету- ашықтық, азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау - сыпайылық, мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау - клиентке бағдарлану қағидаттарында негізделеді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің белгіленген қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған ісшаралары жүйелі түрде жүргізу қажеттілігі айтылды.
Семинар қорытындысы бойынша мамандардан сұрақтар қойылып, жауап берілді. М.Ү.Сербаев өзінің практикалық тәжірибелерімен бөлісті.
|
|
|