«Заң деген – әдет, адамгершілік деген – әдеп. Әдеп деген – басқаларға мейірімді болу» Б. Момышұлы
Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдәбі мен мінез құлқына үлкен талап қойылады. Мемлекеттік қызметші жоғары кәсіби біліктілігімен қатар
жеке құзыреттері, моральдық-адамгершілік қасиеттері және әдептілік мінез-құлықының көріністерімен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға күш салу керек.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне өте жоғары талаптар қойылады.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету- адал ниеттілік, өз міндеттеріне шынайы көзқарас - адалдық, жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу - әділдік, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету- ашықтық, азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау - сыпайылық, мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау - клиентке бағдарлану қағидаттарында негізделеді.
Департаменте және оның аумақтық қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік номаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің қағидаларын қатаң сақтау бойынша жұмыстар жүйелі түрде атқарылады.