Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу іс-шараларын бірлесіп жүргізу бойынша меморандумға қол қойылды

Үстіміздегі жылдың 26 мамырында «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандумның мәні азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, және сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарын қалыптастыру мақсатында ынтымақтастық болып табылады.

Дата публикации
27 мая 2022