Әдеп кодексі жаңа редакцияда

2022 жылдың 17 мамырында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасы бас маманы Адиль Бирликович Жумин департамент және аумақтық басқарма қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен енгізілген өзгерістер туралы баяндады.

Департамент басшылығымен Әдеп кодексінің тәртібін сақтау тапсырылды.

Дата публикации
18 мая 2022