Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршамыздың міндетіміз

2022 жылдың 8 ақпананды Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен  «Zoom» платформасы арқылы департамент және аумақтық басқарма қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы» тақырыбында отырысы өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24 бабына сәйкес дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) мемлекеттік органның не өзі қызметкері болып табылатын ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға хабар беру талабы туралы айтылды.

Сонымен қатар, жоғары тұрған басшы, мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабар бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қабылдауға міндеттілігі туралы түсіндірілді.

Аумақтық басқарма басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейтуді және еңбек тәртібін сақтау тапсырылды.

 

Дата публикации
08 февраля 2022