Тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу қағидалары тәртібін түсіндіру бойынша құқықтық оқыту

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021-2023 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының 1.9 - тармағын іске асыру мақсатында құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен 2022 жылы 14 сәуір күні департаменттің сондай-ақ қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары үшін Zoom платформасында «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығы (Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы)» тақырыбында құқықтық оқыту (онлайн) өткізді.

          Құқықтық оқытуды өткiзу барысында департаменттің және аумақтық басқармасының барлық қызметкерлеріне тексеріс тағайындау туралы актілерді, қосымша актілерді тіркеу, тексеру мерзімдерін ұзарту тәртібі түсіндіріліп бірнеше сұрақтарға жауап берілді.   

Дата публикации
16 мая 2022