Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Мусалиевна Койшанованың төрағалық етуімен «Әділдік жол» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе филиалының басшысы Байменов Асылбек Зинелғаппарұлы және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қуанышбек Серікжанұлы Серікжановтың қатысуымен 2022 жылдың 05 мамырында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мамандарға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес туралы отырыс өткізілді (оффлайн,онлайн).
Отырыс барысында департаменттің және аумақтық басқармалардың барлық қызметкерлеріне мемлекеттік қызметке кір келтіретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жұмысты жалғастыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.