Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы құқықтық оқыту

 

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021-2023 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының 1.9 - тармағын іске асыру мақсатында құқықтық қамтамасыз ету бөлімі департаменті сондай-ақ қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары үшін Zoom платформасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік» тақырыбында құқықтық оқыту (онлайн) өткізді.

          Құқықтық оқытуды өткiзу барысында департаменттің және аумақтық басқармасының барлық қызметкерлеріне мемлекеттiк қызметтiң беделiн түсiретiн құқық бұзушылық жасауға жол бермеу шараларын қабылдау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Дата публикации
16 мая 2022