«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы №285, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» 2020 жылғы 14 сәуірдегі №306 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» және «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі №310 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын басшылыққа ала отырып, Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы жедел штабының 2020 жылғы 29 сәуірдегі №32 хаттамасына сәйкес және «Ақтөбе облысы аумағындағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шектеу шараларының мерзімін ұзарту туралы Ақтөбе облысы Бас Мемлкеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №ПГСВ-16 қаулысының 4 тармағына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.1. Өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс және жол-құрылыс, көлік компаниялары, банктер және қаржы ұйымдары, ХҚКО, автоХҚКО;
1.2. Оптика, ателье, ломбардтар, айырбастау пункттері, нотариалдық кеңселер, сақтандыру қызметтері, фотосалондар, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілемдерді тазалау, аяқ киім, оргтехника жөндеу объектілері, шиномонтаж, автожуу;
1.3. Гүл, құрылыс дүкендері, көшеттерді сату, автосалондар және тұрмыстық техниканы сататын дүкендер;
1.4. Бау-бақша ұжымдарының қызметі (растайтын құжаттар болған жағдайда).
2.1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары, сұлулық салондары (тек шаш қию қызметтері және жазылу бойынша) және шаштараз (жазылу бойынша), азық-түлік емес дүкендер 500 м² дейін (барлық бағыттар), медициналық мекемелер (жазылу бойынша, стационарларды қоспағанда), стоматология, жылжымайтын мүлікпен операциялары бойынша компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттық кеңселер, жобалау ұйымдары.