Ойыншықтардың қауіпсіздігі- балалар денсаулығы кепілі

Қазіргі заманғы нарықта балалар ойыншықтарының алуан түрі бар. Балаларға тек қызықты ғана емес, сонымен қатар оларға пайдалы болатын ойыншық таңдау оңай емес. Бұл ретте, ойыншық балаға ұнап қана қоймай, оған қызықты, жасына сай және қауіпсіз болуы керек. Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" 008/2013 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Қауіпсіз ойыншықты таңдаудағы басты кеңес-сатушыдан оның сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын тиісті сертификатты талап ету. Сертификаттың болуы ойыншықтардың зертханада зерттелгенін және химиялық, радиациялық, токсикологиялық тексеруден өткенін көрсетеді.

Әрбір ата-ана ойыншықтарды сатып алмас бұрын ойыншықтарды зерделеу керек, әсіресе таңбалануын, ол көп жағдайда сәйкес келмейді. Таңбалауда келесі ақпараттар болуы қажет: ойыншықтың атауы, ойыншықты дайындаған ел атауы, өндірушінің аты мен орны, дайындаушының тауар белгісі (бар болса), ойыншықтың шикізаты, қандай жастағы балаға арналғандығы туралы пиктограмма, жарамдылық мерзімі, қажет болған жағдайда сақтау шарттары, ойыншықты қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, ескерту жадынамалары, ойыншықты күту тәсілдері (қажет болған жағдайда).

Ақтөбе облысының 2021 жылғы өнімдерінің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде іріктелген ойыншықтарды зертханалық зерттеу нәтижелерінің талдауы бойынша 52,6% таңбалау бойынша сәйкес келмеді, олардың барлығы үшінші елдерде өндірген. Кәсіпкерлерге анықталған сәйкессіздіктердің нәтижесі бойынша бұзушылықтарды жою бойынша 5 ұйғарым берілді. Зертханалық зерттеу негізінде үш ойыншық сертификатының күші тоқтатылды.

Есіңізде болсын, балалар-біздің болашағымыз, олардың денсаулығы әр ата-ананың маңызды міндеті!

Дата публикации
05 апреля 2022