2021 жылы Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 36 жеке консультациялық көмек көрсетті. 2021 жылы 16 түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 9 семинар, 5 дәріс, 2 түсіндірме интернет-ресурстарда жарияланды.
2021 жылы қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін бақылау үшін 176 қызметкерден анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша қабылданған шаралар саны-5. Қызметкерлерге қатысты БАҚ жарияланымдарын мониторингілеу барысында анықталғаны 12 оң материалдар, жағымсыз материалдар болған жоқ.
Ақтөбе қалалық, Мәртөк және Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен этикалық нормаларды сақтау бойынша жиын өтті.
2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзуы жөнінде шағымдар түскен жоқ, тікелей басшылардың немесе мемлекеттік орган басшылығының өтініштері бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алу бойынша мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шаралар қабылданбаған.
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан 8 адам көтермеленді.