2022 жылғы 27 қаңтарда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің міндетін атқарушының қолданыстағы шектеулерді жеңілдетуді көздейтін жаңа № 7 қаулысы қабылданды.
Жаңа қаулыға сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар үшін жұмыс және демалыс күндері жұмыс уақытына шектеу қойылмайды.
Қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болса, келесі бизнес объектілері шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат:-салтанатты, еске алу, спорттық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар өткізу, спорт кешендерінің, сауықтыру және діни (жабық кеңістіктерде ұжымдық ғибадат қызметтерін өткізу) объектілердің, ойын-сауық объектілерінің (ойын клубтары, казино, түнгі клубтар және караоке), СОО, сауда желілерінің қызметі, (сауда алаңы 1000 ш.м.-ден асатын азық-түлік емес және сауда алаңы 6000 ш.м.-ден асатын азық-түлік) бассейндер. Бейтарап «көк» мәртебесі болған жағдайда келесі объектілерге шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі:
сауда алаңы 1000 ш.м. дейінгі сауда желілерінің (азық-түлік емес), сұлулық салондары, СПА-орталықтар, жабық базарлар, асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері, сауналардың, моншалардың, отельдер, қонақ үйлер, автовокзал мен автостанциялар, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері, банктер;
Сондай-ақ бейтарап «көк» мәртебесі болған жағдайда 60%-ға дейін толтырумен қоғамдық тамақтану объектілерін, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, бильярд, боулинг, компьютерлік және лотерея клубтары, балаларға арналған ойын-сауық орындары (жабық) пайдалануға рұқсат етіледі.