«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтарындағы №БМСД-2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 қаңтарындағы №БМСД-4 Қаулысы

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 қаңтарындағы №БМСД-4 қаулысымен келесідей өзгерістер енгізілді:

«1) мектепке дейінгі ұйымдарда –ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта;

2) жалпы білім беру мектептерінде:

- 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) – штаттық форматта;

- 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда – штаттық форматта;

- 600 оқушыдан жоғары – мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта;

3) мектептен тыс ұйымдарда– штаттық форматта;

4) жоғары оқу орындарында және колледждерде аралас форматта – практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн».

Дата публикации
22 января 2022