Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68 басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысының 5. тармағы келесідей редакцияда жазылсын:
«5. Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына:
1) COVID-19 күдігі бар адамдарды уақытылы анықтау және оқшаулау үшін барлық денсаулық сақтау объектілерінде сүзгілердің, пациенттердің бүкіл ағынының дене температурасын өлшеуге арналған тепловизорлары бар шлюздердің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;
2) бейінді мамандардың науқастарды қабылдау кезінде кезектердің туындауына жол бермеу, екпе алу, клиникалық-диагностикалық зерттеулерден өту үшін (шұғыл жағдайлардан басқа пациенттерді алдын ала жазылу бойынша қабылдау), медициналық ұйым басшысының бұйрығымен медициналық ұйымның әрбір қабатында профилактикалық іс - шараларды бақылау және қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді айқындау, персонал мен пациенттердің лас аймақтан таза аймаққа ауысуын болдырмау;
3) пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіні бойынша бөлек бөлу, стационарлардың аймақтарға бөлінуі мен жұмыс режимін қатаң сақтау, медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін сақтау;
4) меншік түріне қарамастан стационарларда карантинді сақтауды жалғастыру.».
3.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н. Беркімбаева