Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68, 2021 жылғы 29 шілдесіндегі №33 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ashyq» Лидер» мәртебесі бар объектілерге сағат 00.00 дейін, «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін өзге де объектілерге сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеу режиміне рұқсат етілсін;
2. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысының қосымшасындағы 12, 14, 15, 19, 23, 24, 25, 27, 30, 31, 32, 33, 34, 37, 38, 39, 40, 41, 45, 46, 47, 51 тармақтарындағы «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер «сағат 17.00 дейін» және «сағат 20.00 дейін» сөздер «сағат 22.00 дейін» деген сөзбен ауыстырылсын, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар «сағат 19.00 дейін» және «сағат 22.00 дейін» сөздер «сағат 00.00 дейін» деген сөзбен ауыстырылып, өзгерістер енгізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің м.а. Г. Даулетова