«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы»Ақтөбе облысының бас мемлекеттіксанитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында

коронавирус инфекциясының алдын алу

жөніндегі шектеу карантиндік шараларды

күшейту туралы»Ақтөбе облысының

бас мемлекеттіксанитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің38 бабы 1 тармағы 4) және 7 тармақшалары, 104 бабының 2, 3, 4, 7 тармақтарынжәне «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №32 қаулысынбасшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) Қаулының 1 тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Жағажайлардың қызметіне, сондай-ақ су қоймаларының белгіленбеген жерлерінде шомылуға тыйым салынсын.

Аквапарктер қызметіне рұқсат етілсін, олар ашық ауада, алдын ала жазылу бойынша, толымдылығы 50% - ға дейін, еден таңбаларын, шектегіштер мен тосқауыл ленталарын салу жолымен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, сондай-ақ адамдардың болу ұзақтығы 3 сағаттан аспайтын, кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, жабдықтарды орналастыруға және жабдықтарды дезинфекциялау жүргізу үшін үзілістер ұйымдастырсын. Кіру кезінде персонал мен келушілердің дене температурасын байланыссыз тәсілмен бақылауды жүргізу, жіті вирустық инфекция белгілері болған кезде персонал мен келушілерге жол бермеу;»;

2) Қаулының 1тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) мынадай ұйымдардың/объектілердіңCOVID-19-ға қарсы вакцина алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) қызметкерлер үшін жұмыс орнына бару режимде жұмысқа жіберілуін шектеу:

қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус,  бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);

халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің;

мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);

халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);

жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;

білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;

санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың;

барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);

денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;

дәріхана ұйымдарының;

тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);

экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;

демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);

байланыс және телекоммуникация объектілерінің;

өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ұйымдасқан ұжымдардың;

қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің, күштік құрлымдардың, мемлекеттік органдардың;»;

3) Қаулының 1 тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) жұмыскерлерге (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын;».

2 .Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                        Н.Беркімбаева

Дата публикации
15 июля 2021