Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 2 және 3 тармақтарын, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 30 наурызындағы №ПГСВ-12 «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1.1 тармағының 6) тармақшасы алынып тасталсын;
2) 1.2. тармағы мынадай мазмұндағы 34) тармақшасымен толықтырылсын:
- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 19 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысына рұқсат етілсін.»;
3) 3 тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
- «4) арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), жалпы типтегі мектеп-интернаттар және дарынды балаларға арналған мектеп- интернаттардың жұмысын 14 күнге 2021 жылдың 13 сәуірінен бастап 26 сәуірді қоса алғанда карантинмен жабық режимде ұйымдастыру.»;
4) келесі редакцияда 3.1. тармағымен толықтырылсын:
- «3.1. Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, №1 және №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына:
- «1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 26 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, медициналық-әлеуметтік орталықтарында 14 күнге 2021 жылдың 13 сәуірінен бастап 26 сәуірді қоса алғанда карантин ұйымдастыру»;
«2) медициналық-әлеуметтік объектілерде карантин уақытында қызмет көрсететін персоналдың тұруы үшін жағдайлар ұйымдасттыру.
2. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:
2.1. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;
2.2. Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.
3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы 2021 жылдың 13 сәуірі 00:00 сағаттан бастап күшіне енеді.
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н. Беркімбаева