«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 3 тармағын, басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ақтөбе облысының аумағында Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 наурызындағы №ПГСВ-12 қаулысының қолданылуына байланысты «Ойыл ауданы тұрғындары арасында короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 наурызындағы №ПГСВ-11 қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н.А. Беркимбаева