Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
 эпидемиологиялық
 саламаттығы саласындағы 
 тергеп-тексеру жүргізу 
 қағидаларына
 7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеружүргізудің негізі 21.08.2026 жылғы № 3115, 3116, 3119, 3120  шұғыл хабархаттар . Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы №69 бұйрығы.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
  4. Тергеп-тексеружүргізумерзімі 21.08.2026-08.09.2026 ж.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар дайын тағамды жеткізу кафесі «Маки-Маки», ЖСН:921130300379Мекен-жайы:Ақтөбе қаласы, Аз Наурыз көшесі , 33 үй
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының  себептері мен сипаты - бұзушылықтар анықталды.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты-Объектінің санитариялық-техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз: объектінің үй-жайларында ылғалды тазалау жүргізу қажет, беткейлері ластанған, үй-жайлардың тазалығын қамтамасыз ету талаптары сақталмайды, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 4-тарауының 62-тармағының талаптарын бұзу болып табылады.Тамақ өнімдерінің (азық-түлік шикізатының) және дайын тамақ өнімдерінің түрлеріне қарай бөлуге арналған бөлшектеу пышақтары мен өндірістік үстелдер өңделетін тамақ өнімдерінің түріне сәйкес таңбаланбаған, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 4-тарауының 53-тармағының талаптарын бұзу болып табылады.Екінші қабаттың жекелеген учаскелерінде еден плиткасы жоқ, еден бетінде ақаулар бар, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 4-тарауының 62-тармағының талаптарын бұзу болып табылады.Жұмыртқаларды өңдеуге (сақтауға) арналған таңбаланған ыдыс жоқ, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 5-тарауының 127-тармағының талаптарын бұзу болып табылады.Қойма үй-жайында ауа температурасын және салыстырмалы ылғалдылықты өлшеуге арналған бақылау-өлшеу құралы (психрометр) жоқ, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 5-тарауының 107-тармағының талаптарын бұзу болып табылады.Жинау мүкәммалы таңбаланбаған, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 4-тарауының 66-тармағының талаптарын бұзу болып табылады.2026 жылғы 25 тамыздағы №2260002188576122 тамақ өнімдеріне жүргізілген микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес: №177 «Каппамаки» сушиінен, №178 «Филадельфия» сушиінен, №179 «Цезарь запеченый» сушиінен, №180 «Лосось темпура» сушиінен, №181 «Калифорния» сушиінен, №182 «Цезарь» сушиінен, №183 «Фила Гриль» сушиінен, №184 қайнатылған күріштен, №185 қызыл балықтан, №186 шикі тауық етінің филесінен, №189 қияр мен қызанақтан ішек таяқшасы (E. coli), сондай-ақ ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталған, бұл Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №880 шешімімен бекітілген Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ТР ТС 021/2011 техникалық регламентінің №2 қосымшасының №1 кестесінің 1, 8-тармақтарының талаптарын бұзу болып табылады.2026 жылғы 25 тамыздағы №2260002188575473 шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес: №4848 – ролл дайындауға арналған пышақтан, №4849 – қуырылатын өнімдерге арналған тақтайдан, №4850 – шикі роллдарға арналған тақтайдан, №4851 – полировкалық роллдарға арналған тақтайдан, №4852 – жұмыс үстелінен, №4856 – қызыл балыққа арналған ыдыстан, №4864 – қуырылатын роллдарға арналған ценовкадан, №4865 – суық роллдарға арналған ценовкадан, №4866 – қуырылатын роллдарға арналған №2 ценовкадан, №4880 – соус ыдысынан, №4885 – лас ыдысқа арналған сөреден, №4897 – №9 үстелден, №4898 – №10 үстелден, №4899 – №11 үстелден, №4907 – дайын өнімдерге арналған тақтайдан, №4913 – сорғыштан, №4925 – шикі балыққа арналған ыдыстан ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталған.№4878 – соус ыдысынан, №4905 – дайын өнімдерге арналған тақтайдан, №4914 – дайын тауық етіне арналған легеннен, №4943 – пиццаға арналған қалақшадан алтын түсті стафилококк анықталған.Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 4 сәуірдегі №58 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына енгізілген өзгерістермен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 4-тарауының 55-тармағының талаптарын бұзу болып табылады. Ыдыс-аяқты жуу кезінде жуу, дезинфекциялау немесе жуу-дезинфекциялау құралдарын оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес пайдалану талапқа сай жүргізілмейді.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалардайын тағамды жеткізу кафесі «Маки-Маки»,ЖСН: 921130300379 Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Аз Наурыз көшесі , 33 үй

8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, жеке кәсіпкерге 346 000 теңгеге айыппұл салынды.  

Дата публикации
28 сентября 2026