Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

 

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:
  2. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы №21 23.07.2026 жылғы актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:  

1) Үлкен құлпынай пішінді сквиш ойыншығы, өндірушісі- көрсетілмеген

2) Сквиш ойыншығы «Nee don», өндірушсі- Қытай

3) Үлкен манты cквиш ойыншығы, өндірушісі- Қытай

4) Сквиш сабын ойыншығы, өндірушісі- көрсетілмеген

5) Сквиш алтын ойыншығы, өндірушісі- көрсетілмеген

6) Сквиш фанта ойыншығы, өндірушісі- Қытай

7) Сквиш бургер ойыншығы, өндірушісі- Қытай

8) Сквиш арбуз ойыншығы, өндірушісі- көрсетілмеген

9) Сквиш ірімшік ойыншығы, өндірушісі- көрсетілмеген

10) Кішкентай құлпынай пішінді сквиш ойыншығы, өндірушісі- көрсетілмеген.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының  санитариялық- эпидемиологиялық  бақылау департаменті  Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):_тартылмады
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 05.08.2026 ж - 07.08.2026 ж._______
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар жеке кәсіпкер Сакенова А.М., «Игрушкин» дүкені, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 124.
  5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тауарлардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттары жоқ, яғни Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешімімен бекітілген 008/2011 «Ойыншықтар қауіпсіздігі» Кеден одағының техникалық регламентінің бұзушылығы болып табылады.    
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке кәсіпкер «Сакенова А.М.».
  7. Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Ақтөбе қалалық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №20 07.08.2026 жылғы қаулысы берілді.

 

 

Дата публикации
12 августа 2026