Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 2026 жыл 13 маусым, №5 шұғыл хабархат. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы №69 бұйрығы

2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Байғанин аудандық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.

3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.

4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 22.06.2026-03.07.2026 ж.

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар

ШЖҚ «Байғанин аудандық ауруханасы» МКК

6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының  себептері мен сипаты Бұзушылық анықталған жоқ.

7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ---

8.Қабылданған шаралар ----

Дата публикации
22 июля 2026