Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:
- Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы №4 18.06.2026 жылғы актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:
- «Bars» ер балаларға арналған іш киім
- «Cassino» әйелдер іш киімі, өндірушісі көрсетілмеген
- «Ganta» жасөспірімдерге арналған мектеп жидесі, өндірушісі көрсетілмеген
- «LUX» әйелдер майкасы, өндірушісі көрсетілмеген
- «SYLTAN» қыз балаларға арналған шұлық, өндірушісі көрсетілмеген
- «SYLTAN» қыз балалар колготкасы, өндірушісі көрсетілмеген
- «FNNISS» әйелдерге арналған бюстгальтер, өндірушісі көрсетілмеген
- Әйелдерге арналған пижама жиынтығы (шорты+футболка), өндірушісі көрсетілмеген
- «Solarpop» әйелдерге арналған суға түскенде киетін купальник, өндірушісі көрсетілмеген
- «Королева» әйелдер ұзын майкасы, өндірушісі көрсетілмеген
- Жастық қап, өндірушісі көрсетілмеген
- Әйелдер арналған аяқ киім, өндірушісі көрсетілмеген
- Әйелдер іш киімі, өндірушісі көрсетілмеген,
- Жасөспірім қыздарға арналған ақ түсті мектеп жидесі, өндірушісі көрсетілмеген
- «Milu» әйелдер жидесі, өндірушісі көрсетілмеген
- Балалардың рюкзак сөмкесі, өндірушісі көрсетілмеген
- «SYLTAN» ер балаларға арналған шұлық, өндірушісі көрсетілмеген
- «JINBOSHI» оқушыларға арналған рюкзак сөмке, өндірушісі көрсетілмеген
- «XXMTUO» үйге арналған тәпішке, өндірушісі көрсетілмеген
- Әйелдерге арналған футболка, өндірушісі көрсетілмеген.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):_тартылмады
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 01.07.2026 ж - 13.07.2026 ж._______
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар жеке кәсіпкер Алписбаев Алтынбек Сагиндикович, «Мериэль» дүкені, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Жастық, 18А.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тауарлардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттары жоқ, бұл Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы №876 шешімімен бекітілген 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіпке арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің бұзушылығы болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке кәсіпкер Алписбаев Алтынбек Сагиндикович.
- Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Мұғалжар ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №6 13.07.2026 жылғы қаулысы берілді.