Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:
- Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы №6 17.06.2026 жылғы актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнім:
- «Вертолет» ойыншығы, өндірушісі Қытай.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмады
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 01.07.2026 ж - 08.07.2026 ж._______
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ЖК Калкаев Болат Бакытжанович, «Айгулим» дүкені, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Жастық шағын ауданы, 9/1.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тауардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттары жоқ, яғни Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешімімен бекітілген 008/2011 «Ойыншықтар қауіпсіздігі» Кеден одағының техникалық регламентінің бұзушылығы болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке кәсіпкер Калкаев Болат Бакытжанович.
- Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Мұғалжар ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №5 08.07.2026 жылғы қаулысы берілді.