|
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына 7-қосымша
|
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеружүргізудің негізі 22.06.2026 жылғы №2208 шұғыл хабархат, «Жедел ішек инфекциясы», №91,93,94,96,98,99 – «Сальмонеллез»
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)тартылмады.
- Тергеп-тексеружүргізумерзімі 24.06.2026ж - 09.07.2026 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ "Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасы"МКҚК, Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 43 үй,
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты -Облыстық клиникалық-инфекциялық ауруханасына науқас Үмбетова Гүлнұр 21.06.2026 ж. сағат 21:55-те, Убаев Жігер 21.06.2026 ж, сағат 23:10-да және Тлегенова Бибигуль 21.06.2026 ж сағат 21:50-де , Асланұлы Муслим, 21.06.2026ж., сағат 19:04-те , Шоханова Айсауле, 21.06.2026ж. сағат 21:45-те , Кеулімжаев Дастан, 21.06.2026ж., сағ 21:50-де , Обаева Қапиза, 21.06.2026ж. сағ 23:10-да түскен. Басқармаға шұғыл хабархаттар 22.06.2026ж сағат 10:00 де келді. Дәрігер Н.Ф.Рот шұғыл хабархаттарды телефон арқылы аумақтық бөлімшеге 3 сағаттың ішінде хабарламаған. Сонымен қатар шұғыл хабархаттарда мәлімдемені жіберген адамның қолы көрсетілмеген. Бұл Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығы, 2 тарау, 4 тармағының және 1-ші қосымшасының бұзушылығы болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағынормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар«Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ "Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасы" МКҚК, Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 43 үй,
8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 43250 теңгеге айыппұл салынды.