|
|
Халықтың санитариялық- |
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 18-29.05.2026 жылы ШЖҚ«Шалқар аудандық ауруханасы» МКК-нан келген «Қызылша күдікті жағдайы» диагноздарымен шұғыл хабархаттары ҚР ДСМ 2024 жылғы 29 тамыздағы №69 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмады
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:
ШЖҚ«Шалқар аудандық ауруханасы» МКК, емханасы , БСН 990140004009
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты; «Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2021 жылғы 2 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығының 8 тармағы , ҚР Үкіметінің «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысының 2 қосымша 3 тармағы, 3-қосымша 1 тармағы және ҚР ДСМ м.а. 2023 жылғы 21 қыркүйектегі «Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы № 150 бұйрығының 14 тармағы.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ШЖҚ «Шалқар аудандық ауруханасы» МКК, емханасы