|
|
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына 7-қосымша
|
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 12.01.2026 жылғы №37, 38, 39, 40 шұғыл хабархаттар. Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп- тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығы.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы_Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті Алға аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)__тартылмады.__________
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі_14.01.2026ж-22.01.2026ж______________________
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар_ЖК А.Б.Шойбеков, «Dina market» орналасқан кулинарлық цех.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының
себептері мен сипаты "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығының 24 тармағының 2 тармақшасы, "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № ҚР ДСМ -36 бұйрығының 8 тарау 197 тармағы, 5 тарау, 110 тармағы, 8 тарау 197 тармағы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы .
нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)
.заңды тұлғалар: ЖК А.Б.Шойбеков, «Dina market» орналасқан кулинарлық цехінің қызметкерлері.
- Қабылданған шаралар 23.01.2026 жылғы №261532450000004 және 23.01.2026 жылғы №261532450000003 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары.