«Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 103 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 103 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 Ақмола облысының халқы арасында (COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында,  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 103 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

4-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

  • ҚР БМСД № 47 қаулыға 5 қосымшаға сәйкес санитариялық нормаларға сәйкестік актісі болған жағдайда, сауда - ойын-сауық орталықтарының (балаларға арналған ойын-сауық орындарын қоспағанда), сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне жұмыс күндері ғана рұқсат беру (келушілердің  30% - дан асырмай, мүмкіндігі есебінен 4 шаршы метрге 1 адам);

5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

6) санитариялық нормаларға сәйкестік актісі болған жағдайда, жағалаудағы аймақтардың аумағындағы барлық түрдегі объектілердің, оның ішінде тамақ өнімдерін, балмұздақ, сусындар, гриль, донер, шаурма және басқа да фастфуд түрлерін, азық-түлік емес тауарларды және басқа да объектілерді өткізу жөніндегі сауда пункттерінің қызметіне рұқсат беру.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулыны барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізу, халықты бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар ету.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Дата публикации
17 августа 2020